Жетісу облысында жасөспірімге зорлық жасады деген күдікпен жаттықтырушы ұсталды
20:06, 07 Желтоқсан 2023
Полиция Талдықорған қаласындағы жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысын қамауға алды. Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша айып тағылған, деп хабарлайды Kazinform.
25 жастағы күдікті облыс орталығындағы спорт мектебінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Ол өзінің 14 жастағы шәкіртін - ұл баланы жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген болуы мүмкін. Оқиға орай тергеу амалдары басталды.
Қылмыстық іс Жетісу облысы Полиция департаменті басшысының тікелей бақылауында.