Жетісу облысының өрт сөндірушілері автокөліктің жануын сөндірді.
«Бүгін Талдықорған қаласында жеңіл автокөліктің мотор бөлшектері жануы орын алды.
ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 13 минут ішінде ауыздықталды», — деп жазды ведомствоның баспасөз қызметінен.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.
Жол көлігінде төтенше жағдай орын алған жағдайда112 телефонына хабарласыңыз.