Жетісу облысында жер сілкінді

Фото: oxu.az

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР ТЖМ «ҰҒСНИ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін, 31 наурыз сағат 11:11-де жер сілкінісін тіркеді.

Эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 км қашықтықта орналасқан.

Эпицентр координаттары: 44.609º с.е., 79.709º ш.б. Тереңдігі — 10 км.

Есептік қарқындылығы (балмен):

Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы — 2 балл

Жетісу облысы, Текелі қаласы — 2 балл

Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы — 2 балл

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәліметтер түскен жоқ, тұрғындардан 112 нөміріне қоңыраулар тіркелмеді.

Алматыда жер сілкіністері туралы автоматтандырылған ерте құлақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді? Kazinform тілшісі анықтап көрді.