– Оның ішінде 67 қылмыстық іс бойынша адам өліміне қатысты, 19 іс мас күйінде көлік жүргізуге байланысты болды. Бұл ретте жүргізушілер көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Шілде айының 17 күнінде ғана жол-көлік оқиғалары бойынша 20 қылмыстық іс тіркелді, - деп атап өтті ПД анықтау басқармасы бастығының орынбасары Айдос Есімбеков.
Ол сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі қалалық және аудандық жолдарда болатынын тілге тиек етті. Себебі көліктер саны күннен-күнге артып келеді және көп жүргізуші жол ережелерін сақтамайды.
Полиция жол қозғалысының барлық қатысушысын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жетісу облысындағы медициналық ұйымдарға 29 санитарлық көлік табысталды.