Жетісу облысында жоғалып кеткен малшы табылды
07:31, 23 Желтоқсан 2024
АСТАНА. KAZINFORM – ТЖМ мамандары Жетісу облысында жоғалып кеткен малшының табылғанын хабарлады.
- Құтқарушылар жоғалған малшыны тапты. Кеше Жетісу облысы Панфилов ауданы Сарыбел ауылының шетінде 1980 жылы туған ер адам мал бағуға шығып, қайтып оралмаған.
Алаңдаған туыстары құтқарушылардың көмегіне жүгінді, - деп жазды ведомстводан.
Іздестіру тобы жоғалған адамды Сарыбел ауылынан 5 шақырым жерде тапты. Оны жедел жәрдем қызметкерлеріне берді, жағдайы тұрақты.
Айта кетейік, бұған дейін 7 жыл халықаралық іздеуде жүрген жетісулық учаскелік полиция сотталғанын жазған болатынбыз.