Жетісу облысының Панфилов ауданында көлік аударылып, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол апаты 16 қазан күні Көктал-Әулиеағаш тасжолының 6-шы шақырымында болған. «Мерседес GL-450» көлігі аударылып кеткен.
Көліктің ішінде 34 және 33 жастағы екі ер адам болды. Олардың бірі оқиға орнында, екіншісі аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.
«Жол-көлік апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Бұған дейін Жетісу облысында жүк көлігі мен «Audi-100» жеңіл машинасы соғылып, 9 адам зардап шеккен болатын.
Фото: Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіФото: Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіФото: Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.