Жетісу облысында көлік апатынан 9 адам зардап шекті

дтп
Фото: Жетісу облысы ПД

Жетісу облысында жүк көлігі мен «Audi-100» жеңіл машинасы соғылып, 9 адам зардап шекті. Оның төртеуі бала, деп хабарлайды Kazinform.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 қазан күні Балпық би — Мәмбет тасжолының Еңбекшіқазақ ауылының маңында болған.

«Жол апатына түскен тоғыз адам ауруханаға жеткізілді, медициналық тексеруден кейін екі көліктің де жүргізушісі амбулаторлық емдеуге жіберілді. Қалған жетеуі дәрігерлердің бақылауында. Олардың арасында 2011, 2018, 2019, 2021 жылы туған төрт бала бар», — деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, бірқатар сараптама тағайындалды.

ДТП
Фото: Жетісу облысы ПД

Екі көлік те арнайы тұраққа қойылды.

Бұған дейін Алматы — Өскемен тасжолының 524-шақырымында Mercedes Benz 519 CDI көлігінің 41 жастағы жүргізушісі жолда отырған 51 жастағы ер адамды қағып кеткенін жазған болатынбыз.  

Соңғы жаңалықтар