Жетісу облысында жол қозғалысына шектеу енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM – ауа райының қолайсыздығына байланысты Жетісу облысында көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы KazAvtoJol жазды.

Фото: Астана әкімдігі

Жетісу облысының «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолының 84-184 км, Көктұма станциясынан-Достық станциясына дейінгі аралықта көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 706 бірлік техника және 1412 жолшы жұмылдырылды.