Аталған көлік кенеттен жолға шауып шыққан жылқымен соқтығысқан.
Audi А8 көлігінің 45 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Шетелдік көлікте жолаушы ретінде болған 54 жастағы ер адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.
Қазіргі уақытта полицейлер жануардың иесін анықтауға кірісіп кетті.