Жетісу облысындағы жол апаты: екі адам қаза тауып, он адам жарақат алды

АСТАНА. KAZINFORM – Жетісу облысында Алматы – Өскемен тасжолының 143-шақырымында Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысты.

Фото: видеодан алынған скрин

Жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы он адам жарақат алды.

Алдын ала мәлімет бойынша, оңтүстік бағытта келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы өзімен бір бағытта қозғалып бара жатқан КамАЗ-дың тіркемесіне соғылған

Апат салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды. Шағын автобуста болған тағы он жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Шағын автобус жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция жүргізушілерді жылдамдықты асырмауға, көліктер арасындағы арақашықтықты сақтауға және жол жағдайын ескеруге шақырды.

Бұған дейін Алматыдағы адам өліміне себеп болған жол апаты бойынша іс қайта қаралатыны хабарланды.