Жетісу облысының Ақсу ауданында көпірді су шайып кетті

АСТАНА. KAZINFORM — Ақсу ауданында «Жансүгіров-Матай» автожолының 34-шақырымында су өткелінің тозуына байланысты темірбетон құбыры мен жол төсемінің бір бөлігі қирады.

Фото: Видеодан скриншот

Ақсу аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ТҮИ бөлімінің басшысы Мадияр Нұрахметов бұл ақпаратты растады.

— Облыстық маңызы бар Ақсу-Ойтоған ауылдарының арасындағы автомобиль жолында орналасқан көпір күннің күрт жылынуы себепті, қар суы көпірді шайып кетті. Қазіргі уақытты тиісті жол қозғалысы шектелді, қалпына келтіру шаралары бойынша мамандар жұмыс істеуде, — деді ол.

Осыған дейін Жетісу облысында браконьерлерден 200 келіден астам балық тәркіленгенін жаздық.