Жетісу облысының ветеринарлары 8 мыңға жуық жалған зертханалық сараптама жүргізген

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Жетісу облысы прокурорларының актілері бойынша ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларының қызметіндегі бұзушылықтар жойылды.

Фото: ҚР АШМ

Прокурорлық тексеру облыстағы зертханалардың тиісті лицензиясыз, құрал-жабдықтарсыз және химиялық реактивсіз жұмыс істегенін көрсетті.

«Осы уақыт ішінде олар формалды түрде 8 мыңға жуық сараптама актісін шығарған.

Тексеру қорытындысы бойынша 5 зертхананың ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу қызметі уақытша тоқтатылды.

Ветеринариялық станция басшылығы бастаған кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылса, зертхана директорлары әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп жазды бақылаушы органнан.

Қазіргі уақытта зертханалардың қызметі сәйкестендіріліп, жұмысы қайта жанданды.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысының агроөнеркәсіп кешені бойынша мемлекетке 500 млн теңге шығын келгенін жазғанбыз.