Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол оқ жарақатынан қаза тапқан.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.
Қорғаныс министрлігі шенеуніктердің салғырттығы немесе әрекетсіздігі анықталса, барлық кінәлі адам заң аясында қатаң жауапкершілікке тартылатынын қадап айтты.
Оқиға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жіті бақылауында. Қарулы Күштердің басшылығы көз жұмған әскери қызметшінің отбасына шын ниетпен көңіл айтты. Оның отбасы мен жақындарына барлық қажетті көмек көрсетіледі.
Айта кетелік Маңғыстауда өзіне жарақат салған сарбаз психикалық денсаулық орталығына жатқызылған еді.