Қайғылы оқиға 7 мамыр күні болған. Студент Жәңгір Нұрланұлы сол кеште досының пәтеріне футбол көруге барған.
Әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратқа сәйкес, үйде шамамен оншақты адам болған, оның ішінде 17 жастағы оқушы да бар. Кездесу кезінде жастар арасында дау туындаған. Олар сыртқа шығып кетіп, кейін қайта оралған.
Кейін оқушы Жәңгірді қайта шақырып алып, оны бірнеше жерден рет пышақтаған. Ол алған жарақаттарынан қаза болған.
Жәңгірдің анасы қайғылы оқиғаның алдында ғана ұлымен видеоқоңырау арқылы сөйлескенін айтады. Айтуынша, ұлының көңіл-күйі жақсы болған, әзілдеп, соңыра қайта хабарласуға уәде берген.
Жетісу облыстық полиция департаменті қылмыстық тергеуді растады.
— Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мамандандырылған тергеу соты алдын ала қамауға алуды санкциялады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді және объективті тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бірқатар қажетті тергеу және процессуалдық іс-шара жүргізіледі, - деп хабарлады полиция.
Департамент тергеу Жетісу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.
Бұған дейін Алматы облысында 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмып, үш күдікті ұсталғаны хабарланған.