АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан чемпионы «Жетісу» волейбол клубы Үндістанның Бхубанешвар қаласында өтіп жатқан CAVA Men's Volleyball League 2026 турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді.
Қазақстан волейбол федерациясынан мәлім еткеніндей, Марат Адрышевтің шәкірттері кеше үндістандық "Телугу Блэк Хокс" клубын 3:1 (25:21, 18:25, 25:19, 29:27) есебімен тізе бүктірді.
Бүгін талдықорғандықтар тағы бір үндістандық "Мумбаи Метеорс" командасымен шеберлік байқасты.
Бұл жолы «Жетісу» матчты 3:0 (25:18, 25:19, 25:19) есебімен аяқтады.
Осылайша, талдықорғандық команда мерзімінен бұрын жартылай финалға жолдама алды.
Қазақстандық клуб 19 қарашада ирандық "Фулад Сирджан", 20 қарашада үндістандық "Бенгалуру Торпедос" клубымен ойнайды.
Жартылай финалдық бәсекелер 21 қарашаға белгіленген. 22 қарашада үшінші орын үшін матч және финал өтеді.
Еске салайық, бұдан бұрын волейболдан Қазақстан чемпионатында «Буревестниктің» алғаш рет жеңіліс тапқанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).