Мектептерде, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында қызметкерлердің медициналық тексерулерден, оның ішінде скринингтік зерттеулерден уақтылы өтуіне кедергі келтірген заң бұзушылықтар анықталды.
— Аталған заң бұзушылықтар азаматтардың Конституциямен кепілдік берілген денсаулығын сақтау құқықтарына нұқсан келтірген. Аудан прокуратурасының енгізген ұсынуы негізінде анықталған заң бұзушылықтар жойылып, кінәлі 21 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды, — делінген хабарламада.
Жетісу облысының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, еңбек және денсаулық сақтау салаларындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастырады.