– Үш жылда жаңадан салынатын немесе жөндеуді қажет ететін әлеуметтік нысандар орта есеппен 55,8% жаңартылды, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы 276 нысан жаңартылды, – деді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Атап айтқанда, білім беру саласында 19 жаңа нысан салынып, 22-сі жөнделген. Нәтижесінде бейімделген мектептер саны 69-дан 38-ге дейін қысқарып, облыста апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер жойылды.
Айта кетейік, Жетісу облысында орталық су жүйесімен қамту 99,9%-ға жетті, газдандыру деңгейі жыл соңына дейін 72% болады.