Жетісуда биыл 3 мыңнан астам пәтер беріледі

Биыл Жетісу облысында 323 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылады деп жоспарланған. Оның 50%-ы немесе 162,1 мың шаршы метрі – бюджет есебінен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 есе көп. Бұл жайында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев бүгін Астана қаласында өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Kazinform.   

Фото: Kazinform