ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған іс-шара 7 шілдеде «Жастар» саябағында өтті. Оған облыстағы мәдениет мекемелерінің домбырашыларымен бірге бір мезетте аудандық, қалалық мекемелердің өнерпаздары Таңатар Алшабековтың «Жетісу күйін» орындады.
Мереке аясында М. Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі, облыстық көркемөнер галереясы және Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық орталық кітапханалары кітап көрмелері мен қолөнер шеберлерінің көрмелерін ұйымдастырды.
Сондай-ақ облыстың аудандары мен қалаларының орталық алаңдарында домбыра күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері де мерекені елеусіз қалдырмағаны жайлы жазған едік.
Диана Тұрлыбек
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде оқыды. Мамандығы - журналист.
2022-2023 жылдары «Жетісу» облыстық телеарнасында жаңалықтар бөлімінде редактор болып жұмыс істеді.
2024 жылғы 1 сәуірден бастап Кazinform халықаралық ақпарат агенттігінің Жетісу облысындағы штаттан тыс тілшісі