Жетісуда эхинококкоз жұқтырғандардың 70 пайызы — балалар

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Жетісу облысында 2024 жылы 36 адамнан эхинококкоз, 45 адамнан бруцеллез ауруы анықталды. Бұл туралы Жетісу облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары мәлімдеді.

Фото: pexels.com

Басқарма өкілдерінің дерегінше, биыл аудан және қала аумақтарынан 15 262 ит пен 31 мысық ауланған. Облыс бойынша 309 қаңғыбас үй жануары «ізгілік жолымен» жойылды.

Иесі бар 400-ден аса ит пен мысық клиникалық бақылауға алынып, олардың 336-сына құтырық және эхинококкоз ауруларының белгілері жоқ деген анықтама берілген.

— 2024 жылы медицина мекемелерінде үй жануарларының тістеп, тырнап алуына қатысты 750 оқиға тіркелді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 407-2-бабының 1-тармағына сәйкес, облыс бойынша 280 адамға 6 656 738 теңге көлемінде айыппұл салынды, — деді Жетісу облысы Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Дархан Әбілбаев.

Жыл басынан бері облыста мынадай аурулар тіркелді:

эхинококкоз — 36 адам;
қышыма — 8 адам;
дерматомикоз — 91 адам;
туберкулез — 24 адам;
дерматофития — 14 адам;
трихофития — 1 адам;
бруцеллез — 45 адам;
альвеококкоз — 1 адам.

Айта кетейік, облыста 1000-нан аса ветеринар маман қызмет атқарады. Өңірде 10 ветеринарлық станция мен 118 ветпункт жұмыс істейді.