Жетісуда қызметтік міндеттерін атқару кезінде екі полицей көз жұмды
03:00, 29 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Жетісулық тәртіп сақшылары қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан.
Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.
— Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан Жетісу облысы Полиция департаменті қызметкерлері — полиция майоры Арнұр Алханов пен полиция аға лейтенанты Шыңғыс Асылбековтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Олардың есімдері әріптестерінің жадында мәңгі сақталады, — деді Ержан Сәденов.
Оның сөзінше, Ішкі істер министрлігі марқұмдардың отбасыларына қажетті көмекті көрсетеді.
Бұған дейін Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Достық ауылында полиция қызметкері асылып қалғанын жазған болатынбыз.