Жетісуда мал ұрылары ұсталды

Фото: видеодан алынған кадр

АСТАНА. KAZINFORM — Жетісу облысы прокуратурасының бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мал ұрлығымен айналысқан 6 адамнан тұратын қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді.

Олардың заңсыз әрекетінен келген шығын 20 млн теңгеден асады.

— Сарқан ауданы Бақалы ауылында арнайы операция барысында 43 бас ірі қара мал, пышақ, арқан тәріздес қылмыс құралдары, сондай-ақ сойылған малдар сияқты заттай айғақтар тәркіленді.

Тәркіленген мүлік қылмыстық әрекеттің жүйелі түрде жасалғанын дәлелдейді. Күдіктілердің әрекеті облыс тұрғындарына елеулі зиян келтірген, — делінген хабарламада.

Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.

Қазіргі уақытта олардың облыс аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Айта кетелік жыл басынан мал ұрлығы қай өңірлерде көп екені анықталды