Шеруге қатысушылардың қолында жалаулар желбіреп, жастар өкілдері елдің бостандығы мен тәуелсіздігінің басты нышандары ретінде қолдарында 12 м х 6 м болатын МемлекеттікТу мен Мемлекеттік Елтаңбаны қоса алып жүрді.
300-ге жуық адам сап түзеген патриоттық шараға спортшылар, еріктілер, саяси партиялар, «Ұлы дала жорығы» марафонының жеңімпаздары, велосипедшілер, жас кадетшiлер, жастар, шығармашылық зиялы қауым қатысты.
Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсімі өтіп, Әнұран шырқалды.
Мерекелік іс-шара ту тұғырының жанында жалғасты. Концерттік бағдарлама ұсынылып, «Көк тудың желбірегені», «Байтақ далам», «Атамекен» патриоттық әндері орындалды.