Жетісуда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді
Республика күніне орай Талдықорғандағы «Жастар» паркінде Мемлекеттік Ту көтеру салтанаты өтті. Осы паркте 92 метрлік ту тұғырында Мемлекеттік Ту орнатылған. Салтанатты шараны музыкалық жағынан әскери оркестр сүйемелдеді, деп хабарлайды Kazinform Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фото: Жеңіс Ысқабай
Фото: Жеңіс Ысқабай
Ту көтеру салтанатына облыс әкімі Бейбіт Исабаев, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, қоғам қайраткерлері, әскери қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жастар, қала тұрғындары қатысты.
Фото: Жеңіс Ысқабай
Шара барысында Мемлекеттік Гимн шырқалып, Мемлекеттік Ту көтерілді.
Фото: Жеңіс Ысқабай
Ресми бөлігінен соң әртістер мен шығармашылық ұжымдар патриоттық әндер шырқады.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.