Жетісуда Үшарал-Достық трассасында бес көлік жол апатына ұшырады
АСТАНА. KAZINFORM — Жетісу облысында бес көлік жол апатына ұшырады. Апат Үшарал-Достық автожолының ауа райының нашарлауына байланысты уақытша қозғалыс шектелген учаскесінде болды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Аймақтық полиция департаментінің мәліметінше, аталған жол учаскесінде қозғалыс 2026 жылғы 13 ақпаннан 12:00-де бастап 17 ақпанға дейін 09:00-ге дейін уақытша жабылған болатын.
— Полиция қызметкерлері «Үшарал-Достық» автожолында болған жол-көлік оқиғасы бойынша алдын ала тергеу жүргізіп жатыр. Ауа райының нашарлауына байланысты аталған жол учаскесінде уақытша қозғалыс шектелген, — деді полициядан.
Орнатылған шектеуге қарамастан, бес жүргізуші қауіпсіздік талаптарын елемей, жабық жол учаскесіне шыққан. Соның салдарынан көліктер соқтығысты.
Апат салдарынан алты адам медициналық мекемеге жеткізілді.
Сондай-ақ, полиция ресми түрде жабық жолға шығу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын еске салды.
— ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабына сәйкес, ресми түрде жабық жолға шығу жауапкершілікке әкеп соғады, — деп атап өтті ведомство.
Құқық қорғаушылар жүргізушілерді енгізілген шектеулерді қатаң сақтап, өздерін және жол қозғалысына қатысушыларды қауіпке ұшыратпауға шақырады.
Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысында жол апатында жүргізуші көліктің ішінде қысылып қалғаны хабарланған еді.