Еске сала кетейік, бүгін Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Малайсары теміржол вокзалында вагон цистернасынан диаметрі 25 мм болатын апаттық клапаннан күкірт қышқылы аққан еді.
Вагон-цистернаны салқындатып, осындағы 10 үйде тұратын 46 адам эвакуацияланған.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қазір вагон-цистерна Малайсары вокзалынан қауіпсіз жерге — 1 шақырым қашықтыққа сүйрелген.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметкерлері топырақ пен ауаға зертханалық зерттеу жүргізіп, сынаманың қалыпты шекте екенін анықтады.
Кербұлақ ауданының РХЗ қорғау қызметі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп залалсыздандыру шараларын жүргізіп жатыр.