Жетісуда жол апатынан бір адам қайтыс болды

Жетісуда жол апатынан бір адам қайтыс болды. Оқиға Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек-Көктал автожолының 93 шақырымында болған, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: @POLICE_of_KZ

21 жастағы Toyota Camry жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік аударылған.

Оқиға орнында 35 жастағы жолаушы әйел қаза тапты. Тағы екі адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.

ІІМ баспасөз қызметі аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді.