«Жол камералы ақпаннан маусымға дейін айыппұлдыың жалпы сомасы 317 млн. 533 мың теңге болатын 11 270 жол ережесін бұзу фактісін тіркеген. «Полиция қызметінің моделі» аясында 2023 жылдың тамыз айында Жетісу облыстық мәслихаты тарапынан 15 автоматтық жүйе постын сатып алуға және орнатуға қаражат бөлінді», - дейді облыстық ПД ӘБП Әкімшілік практика бөлімінің бастығы Саят Ибраимов.
Айта кету керек, 2024 жылдың 2 ақпанынан бастап «VIDAR SPEED-R» техникалық жабдығы «KazDorInnovation» ЖШС сертификаттарының қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты алынып тасталды.
Қазіргі уақытта автоматты бекіту жүйесінің 15 бағанын сатып алуға және орнатуға конкурс жариялау үшін өтінім берілген. Материалдар ҚР Қаржы министрлігінің комитетіне бекітуге жіберілді. Мемлекеттік сатып алулар өткізілгеннен кейін жолдың апатты учаскелерінде жылдамдықты шектеудің сертификатталған техникалық құралдары қайта орнатылып, қалыпты режимде жұмыс істейді.