Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының мәліметінше, мердігер ұйым тиісті рұқсат құжаттарынсыз тау беткейінен тас пен топырақ өндіріп, оларды жол құрылысына негіз ретінде пайдаланған.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 334-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Тергеу барысы Жетісу облысы прокуратурасының бақылауына алынды. Өңірде экологиялық заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр.
Осыған дейін Жетісу облысында 1,5 млрд теңгелік алтын құрамды кенді заңсыз әкету әрекеті тоқтатылғаны туралы жаздық.