— Локомотив бригадасының кәсіби әрі жедел әрекеттерінің арқасында ірі зардаптардың алдын алуға мүмкіндік туды. Десе де пойыз бен жүк вагоны қатты түйіскен. Қаза тапқандар жоқ, алайда кейбір жолаушылар шұғыл тоқтаудың салдарынан жеңіл жарақат алды, — делінген хабарламада.
Пойыз сағат 23:14–те сапарын қайта жалғастырды. Теміржол инфрақұрылымы мен локомотивке зақым келмегені хабарланды.
Компанияның мәліміетінше, оқиғаның себептері анықталып жатыр. Жағдайдың мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары басқаратын арнайы комиссия аттанды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстанда екі әйелді пойыз басып кеткенін жазған болатынбыз.