«Жезқазған қаласының әуежайында ұшу жолағын қалыпқа келтіру мақсатында жөндеу жұмыстары қолға алынды. Алайда бұл – аэропорт жабылады деген сөз емес. Тек, рейстер уақытша қысқарып, уақыты өзгереді. Яғни, аптасына 4 күн (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, жексенбі күндері) ірі қалаларға қатынау мүмкіндігі бар», - делінген Ұлытау облысы әкімдігінің Facebook парақшасында жарияланған ақпаратта.
Облыс әкімдігі ұсынған кесте мынадай:
Астана – Жезқазған 11:00
Жезқазған – Алматы 12:30
Алматы-Жезқазған 14:50
Жезқазған – Астана 17:00
Жөндеу жұмыстары 1 қазанға дейін жалғасады деп күтіледі.