Жезқазған ауруханасынан шыққан өрттің себебі белгілі болды

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі 60 жастағы науқас қаза тапқан Жезқазғанның орталық ауруханасындағы өрттің себебін атады. Сараптама қорытындысы бойынша, от жылытқышты дұрыс пайдаланбағандықтан тұтанған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өрттің себебі - төсек-орын жабдықтарының, үй заттарының, кереуеттің және басқа мүліктің тұрмыстық электр жылытқыштың жылу әсерінен онымен тікелей байланыста болған кезде немесе ол жеткіліксіз қашықтықта орналасқан кезде тұтануы», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада Жезқазған орталық ауруханасындағы палаталардың бірін от шарпыды.

Өрт төртінші қабатта пайда болды. Оқиға орнында 1961 жылы туған науқастың денесі табылды.