Жезқазған қалалық соты Астанадағы куәгерден «on-line» желісі арқылы жауап алды
14:45, 08 Шілде 2010
ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Жезқазған қалалық сотының тәжірибесінде алғаш рет «on-line» желісі арқылы куәгер қашықтықта тұрып, жауап берді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне судья Марбан Жаппарова айтты.
«Банктің ақша қаражатын заңсыз пайдаланған (ҚР ҚК 220 бабы, 1 тармағы) және қызмет бабын теріс пайдаланған (ҚР ҚК 228 бабы) банк филиалы директорына қатысты қылмыстық іс бойынша қазір Астанада тұратын, банкттің бұрынғы қызметкерінен жауап алу керек болды. Алайда объективті себептер бойынша, яғни оның кішкентай баласы бар болғандықтан, ол Жезқазғанға келе алмады. Сондықтан куәгер әйелден «скайл» бағдарламасының көмегімен, ғаламтор құралдары арқылы бейнеконференция байланысымен жауап алдық», - деді М.Жаппарова.