Жезқазған қаласының тұрғынынан 6 келі марихуана тәркіленді
"Құқықтық тәртіп" жедел профилактическиелық іс-шарасы аясында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жезқазған қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Фото: Қазақстан Республикасы ІІМ
Күдіктінің үйін тінту кезінде, ол тұратын жерден шамамен 6 кг марихуану табылып, тәркіленді.
Сонымен қатар тіркелмеген тегіс ұңғылы атыс қаруы, оған келетін бес оқ, кастет алынды.
Фото: Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 287, 297-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.