Коммуналдық күйреу туралы жезқазғандықтар телефон арқылы хабарлады.
«Орын алған штаттан тыс жағдай жылумен қамту жүйесінің сапасына әсерін тигізді. Қала бойынша жылу беру өлшемдері төмендеді. Бұған сағат 17.05-те электр энергиясының өшуі себеп болды. Бұдан әрі, сумен қамтамасыз ету бұзылды. Ыстық су бір сағатқа жуық болмады. Жылу тарату тораптарында ыстық судың айналымы тоқтаған жоқ. Суық су екі сағатқа жуық уақытқа тоқтады», - деп атап өтті Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Орынбаев.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, апат Жылу электр орталығының аумағында жоғары вольтты желінің үзілуі салдарынан болды. «Апат себептері анықталу үстінде», - деп қосты әкім орынбасары.