Жезқазған қаласында бүтін бір шағынаудан 4 күн ауызсусыз қалды

Фото:
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Жезқазған қаласында бүтін бір шағынаудан бірнеше күннен бері ауызсусыз отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Теміржол вокзалышағынауданының тұрғыны Рамиля Нұрисламованың айтуынша, ауызсудың берілуі тоқтағанынабүгін төртінші күн. Оның үстіне, халық жөндеу жұмыстары не басқасы жөніндеалдын ала ескертілмеген.

«Мұндағы үйлердіңдені – жер үйлер. Ауызсумен бірге бақшаға берілетін су да тоқтады. Алдын алахабардар етілмегендіктен, халық су қорын жинап үлгермеді. Және бұл біріншіжағдай емес. Еш ескертілместен судың берілуі 19 шілде күні де тоқтатылғанболатын», - деді ол агенттік тілшісіне.

Жезқазған қаласыныңәкімдігінен осы уақытта берілген жауапқа сәйкес, тіршілік нәрі бүгін берілуітиіс. Сондай-ақ жергілікті билік жағдайдың мән-жайын және халықтың күні бұрыннеліктен ескертілмегенін түсіндірді.

«Теміржол вокзалыауданындағы Иманжанов, Шолохов, Щорс, Майкотов, Шинтуринов көшелерінде ауызсудыңжуық арадағы күндерде болмауы Майкотов көшесінде диаметрі 250 мм магистральды су құбырының гидравликалықсоққы салдарынан жарылуынан орын алды. Қазіргі таңда мердігер - «СЕРВИС НС» ЖШС тарапынанқайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу уақыты – ағымдағыжылдың 31 шілдесі, яғни – бүгін.

Мердігердің мәліметтіуақытылы әкімдікке жеткізбеуі салдарынан тұрғындарды ақпараттандыру жағынанкемшілік жіберілгенін мойындаймыз және тұрғындардан уақытша келтірілгенжайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Мәлім етілгендей, Жезқазған қаласындағыауызсу құбырларының 70 пайызының тозуына байланысты, сондай-ақ желілердегі сушығынын төмендету, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін республикалықбюджеттен қаражат бөлініп, 2012 жылы су құбырларын қайта құрылымдау жобасыныңжобалық-сметалыққұжаттамасы әзірленген. Екі жылдан кейін мемлекеттік сараптаманың оңқорытындысы алынып, тағы үш жылдан соң мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт негізінде жұмыстарды атқару міндеті«СЕРВИС НС» ЖШС мердігер компаниясына жүктелген. Аталмыш компанияекі жылдан бері құбырларды жаңарту жұмысымен айналысуда.

«Жалпы, жобаның іске асырумерзімі 2017-2020 жылдарға жоспарланған», - деді қала әкімдігінен.

Соңғы жаңалықтар