Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жезқазған қаласының Алашахан даңғылында Tоyota маркалы автокөлік өртенген. Оқиға дүйсенбі күні күндіз болған. Өрттің жалпы аумағы 6 шаршы метрді құрады. Өрттің алдын алуға 11 адам мен 3 техника жұмылдырылды.
«Өртті 10:53-те өшірдік. Оқиғаның алдын ала себебі анықталып жатыр», - деді облыстық ТЖД өкілдері.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде оқиға куәгерлері автокөліктің жанып жатқан суреттерін жариялаған болатын.