Жазатайым оқиға Жезқазған кен байыту фабрикаларының бірінде 3 сәуірде болған.
Фабрикада гидроциклондарға қызмет көрсетуге арналған үстіңгі алаң опырылып құлаған. Сол жерден қауіпсіз орынға кетіп үлгермеген 28 жастағы жұмысшы ауыр жарақат алды.
Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін оны жедел жәрдем қызметі Жезқазған қаласының медициналық орталығына жеткізді.
Бір апта бойы оның өмірін арашалуға жанталасқан дәрігерлер оның бүгін көз жұмғанын хабарлады.
Жазатайым оқиға себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болған еңбеккердің туған-туыстарына көңіл айтады.