ЕО Израильді бұл шешімнен бас тартуға шақырды.
«ЕО қоныстандыру халықаралық құқыққа сәйкес келмейтінін және бейбітшілікке кедергі келтіретінін қайталап еске салады. Өйткені ол екі мемлекеттің қатар өмір сүруі туралы шешімге қауіп төндіреді. Сонымен қатар елді мекендердің кеңеюі шиеленісті азайтуға бағытталған күш-жігерге мүлде сәйкес келмейді. ЕО-ның ұстанымы өзгеріссіз қалады: Одақ 1967 жылға дейін болған, оның ішінде Иерусалимге қатысты тараптар келісілгеннен басқа ешқандай шекаралық өзгерістерді мойындамайды», - делінген дипломатиялық қызметтің мәлімдемесінде.