Жезқазған - Петропавл - Арқалық автожолы жөнделіп жатыр

Фото: Видеодан алынған скрин

АСТАНА. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар А-16 «Жезқазған - Петропавл - Арқалық» автожолының 876-896 шақырым аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.

Жоба күрделі жөндеу әдісімен, яғни екі қабатты асфальтбетон жабынын орнату арқылы жүзеге асырылуда.

Бүгінгі күнге дейін 19,5 шақырым аралықта мынадай жұмыстар атқарылды:

  • қалыңдығы 20 см болатын суық ресайклинг әдісімен негіз қабаты орнатылды;
  • қалыңдығы 6 см болатын ірі түйіршікті асфальтбетоннан төменгі қабат төселді;
  • қалыңдығы 5 см болатын ұсақ түйіршікті асфальтбетоннан жоғарғы қабат төселді.

Сонымен қатар қолданыстағы су өткізгіш құбырларды жөндеу және орнату жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 11 бірлік қарастырылып, оның 9-ы салынды.

Ұлттық компанияның мәліметінше, жобаны іске асыру жол жабынының сапасын едәуір арттырып, көрсетілген учаскеде жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Алматыда жол жөндеген мердігерлерді полиция тексеріп жатыр.