Жоба күрделі жөндеу әдісімен, яғни екі қабатты асфальтбетон жабынын орнату арқылы жүзеге асырылуда.
Бүгінгі күнге дейін 19,5 шақырым аралықта мынадай жұмыстар атқарылды:
- қалыңдығы 20 см болатын суық ресайклинг әдісімен негіз қабаты орнатылды;
- қалыңдығы 6 см болатын ірі түйіршікті асфальтбетоннан төменгі қабат төселді;
- қалыңдығы 5 см болатын ұсақ түйіршікті асфальтбетоннан жоғарғы қабат төселді.
Сонымен қатар қолданыстағы су өткізгіш құбырларды жөндеу және орнату жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 11 бірлік қарастырылып, оның 9-ы салынды.
Ұлттық компанияның мәліметінше, жобаны іске асыру жол жабынының сапасын едәуір арттырып, көрсетілген учаскеде жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Алматыда жол жөндеген мердігерлерді полиция тексеріп жатыр.