«Сәтбаев қаласына бет алған Toyota Camri көлігінің 23 жастағы жүргізушісі қарама-қарсы жолда келе жатқан Mitsubishi Galant автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Mitsubishi Galant-тың 39 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Екі көлікте болған жеті жолаушы ауруханаға жеткізілді», - деп мәлім етті Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігімен (Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған жол қозғалысы немесе жол-көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.