"Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу" темір жол құрылысы басталады - Қызылорда облысы

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Аралдықтар үшін маңызы зор  "Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу"  теміржол құрылысы басталатын болды. Көптен күткен игілікті істі жүргізу үшін "Базис-А" корпорациясы мердігер мекеме ретінде танылды.

Аталмыш құрылыс жұмыстарына 10 мыңға тарта жұмысшы жұмылдырылады деп жобалануда. Ал теміржол торабы іске қосылғанда 3 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады. Оның құрылысын жүргізу барысында әрбір 20 шақырым сайын бекет салынып, оның инфрақұрылымы да айрықша қарқынмен дамитын болады.

Қазіргі уақытта мердігер мекеме теміржол құрылысын жүргізуге қажетті жұмысшыларды  қабылдаумен айналысуда.