Аталмыш құрылыс жұмыстарына 10 мыңға тарта жұмысшы жұмылдырылады деп жобалануда. Ал теміржол торабы іске қосылғанда 3 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады. Оның құрылысын жүргізу барысында әрбір 20 шақырым сайын бекет салынып, оның инфрақұрылымы да айрықша қарқынмен дамитын болады.
Қазіргі уақытта мердігер мекеме теміржол құрылысын жүргізуге қажетті жұмысшыларды қабылдаумен айналысуда.