«2018 жылдың 1 шілдесі күні «Kazakhmys Smelting» ЖШС-на қарасты Жезқазған мыс қорыту зауыты күкірт-қышқыл цехының маңайында қайғылы оқиға тіркелді. Шаң, газ тазарту құрылғыларының операторы желдеткішті тазалау барысында қатты жарақат алып, бірден жан тапсырған», делінген хабарламада.
Қайғылы оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Оқиғаның мән-жайын тергеу үшін арнайы комиссия жасақталды.
«Kazakhmys Smelting» ЖШС басшылығы мен қызметкерлері қаза тапқан жұмысшының туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.