Жезқазғанда 3 жасар баланы ұрған тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты
11:00, 23 Сәуір 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Жезқазған қаласында балабақша тәрбиешісі үш жасар баланы ұрып жіберген, деп хабарлайды Ұлытау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Педагогқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Сотта тәрбиеші жасалған құқық бұзушылық бойынша кінәсін мойындамады, бірақ оның кінәсі іс бойынша ұсынылған дәлелдемелермен, атап айтқанда балабақшадағы бейнебақылау камераларының бейнежазбасымен расталды.
— Тәрбиешіге 3 жыл мерзімге педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қолданылды. Сот үкімі күшіне енді, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Осыған дейін Астанада екі жасар бүлдіршін бақшада буллингке ұшырағанын жазған едік.