Педагогқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Сотта тәрбиеші жасалған құқық бұзушылық бойынша кінәсін мойындамады, бірақ оның кінәсі іс бойынша ұсынылған дәлелдемелермен, атап айтқанда балабақшадағы бейнебақылау камераларының бейнежазбасымен расталды.
— Тәрбиешіге 3 жыл мерзімге педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қолданылды. Сот үкімі күшіне енді, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Осыған дейін Астанада екі жасар бүлдіршін бақшада буллингке ұшырағанын жазған едік.