Жезқазғанда автобус аударылып, жүргізуші қаза тапты

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 5-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Жезқазғанда Холмецкий атындағы көшедегі айналма жолда «КАВЗ» автобусы аударылды,

деп   хабарлайды    Төтенше жағдайлар министрлігі.

 Жол  апаты    жұма күні сағат  5.10-да болған. 21 жастағы жүргізуші  оқиға орнында көз жұмды.   Төрт жолаушы   түрлі  жарақаттармен  ауруханаға жеткізілді.