«Алдағы жылы балалар ойнайтын аттракционды қаламызда салуды жоспарға енгізіп отырмыз. Оны демеушілердің, инвесторлардың күшімен іске асырамыз. Осы орайда қала тұрғындарына қолайлы орынды анықтаймыз», - деді Б. Әбдіғалиұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, Жезқазған қаласындағы саябақтарды абаттандыру мен көгалдандыруға ерекше мән берілуі керек.
«Қаладағы саябақтарды күтіп ұстайтын жеке кәсіпорын керек. Сондықтан Жезқазған саябақтарына қарайтын кәсіпорынды бекітеміз», - деді
Айта кетейік, облыс мәслихаты Ұлытау облысының 2022-2024 жылдарға арналған бюджетін қабылдады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысы бюджетінің бікітілуіне орай, өңірдегі маңызды нысандардың құрылысы жүргізілетінін айтты.