Өңірдегі полиция департаментінің айтуынша, оқиға 5 желтоқсанда болған. Қаладағы орталық ауруханаға 27 жастағы оқ тиген әйел жеткізілген.
Жедел-іздестіру шаралары барысында ер адам ұсталды. Ол жанжал кезінде жұбайының басынан тегіс ұңғылы аң аулайтын мылтықпен атқанын мойындады.
Полицияда түсіндіргендей, аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 24-99 баптары «Адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Мылтық тәркіленді.
Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.